Алматыда Б тобындағы хоккейден Қазақстан қыздар чемпионаты бірінші турының екінші айналымы басталды.
Төрттіктің қазіргі көшбасшысы «Айсұлу Таңдаулы» «Бұлбұл» командасындағы қарсыластарын тырп еткізбеді. Кездесудің жеңімпазының кім болатыны бірінші кезеңнің аяғында-ақ түсінікті болды: бірінші кезеңде елордалық ұжымның қақпасына он жауапсыз шайба аттанды. Бес шайбаны өз есебіне София Раковская жазды, қарсыласты үш реттен Мадианна Нусупова мен Василиса Шуклина састырды.
«Айсұлу Таңдаулы» - «Бұлбұл» 17:1 (10:0, 3:0, 4:1)
1:0 - 00:33 - Раковская (Нусупова, Халикова)
2:0 - 00:49 - Нусупова (Раковская, Шуклина)
3:0 - 07:10 - Маратханқызы
4:0 - 07:37 - Новикова (Фомина)
5:0 - 08:19 - Шуклина (Кишекеева, Халикова)
6:0 - 12:29 - Раковская (Нусупова) ГБ
7:0 - 14:29 - Нусупова (Раковская) ГМ
8:0 - 16:55 - Раковская (Нусупова)
9:0 - 18:12 - Воробьева (Новикова)
10:0 - 19:14 - Фомина (Новикова, Бралина)
11:0 - 30:56 - Новикова (Фомина)
12:0 - 31:22 - Шуклина
13:0 - 33:27 - Раковская
14:0 - 42:34 - Раковская (Новикова) ГМ
15:0 - 43:18 - Шуклина ГМ
16:0 - 51:54 - Нусупова (Раковская)
17:0 - 55:58 - Маратханқызы (Воробьева) ГБ
17:1 - 57:59 - Назаренко-Гурова (Мелс)
Қақпашылар: Павловская (Әбдікерім, 51:54-60:00) - Мәлік
Чемпионаттағы үшінші жеңісіне «Грация» қол жеткізді. Қарағандылық қыздар үшінші кезеңді екпіндетіп өткізіп, екі балл жинады. Виктория Оберман покер жасады, өз командасының төрт шабуылына София Муравьева (2+2) қатысты.
«Жұлдыз» - «Грация» 3:6 (2:2, 0:0, 1:4)
0:1 - 08:33 - Оберман (Муравьева)
1:1 - 10:42 - Кострюченко (Асимова)
2:1 - 12:22 - Берикова
2:2 - 18:26 - Муравьева
2:3 - 48:54 - Муравьева (Жакулина) ГМ
2:4 - 57:57 - Оберман (Барышникова)
3:4 - 58:17 - Асимова (Адилхан)
3:5 - 59:09 - Оберман (Жакулина, Муравьева)
3:6 - 59:58 - Оберман (Жакулина)
Қақпашылар: Мамешева - Прицкер
Фото авторы - Евгений Галенковский
ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Qyzdar Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.