Айсұлу Таңдаулы бірінші айналымның қорытындысы бойынша Б тобында көш бастады

19 qazan
178

Алматыда Қазақстан қыздар чемпионатының Б тобындағы ойындары жалғасуда.

Бірінші айналымның басты текетіресінде чемпионаттың басында екі жеңістен қол жеткізген «Айсұлу Таңдаулы» мен «Грация» кездесті. Бүгін оңтүстікастаналық қыздар дәлірек көздеді. Гол авторлары – Мадианна Нусупова, Василиса Шуклина мен Анфиса Новикова. Турнир иелерінің қақпашысы Арина Павловская қақпаға бағытталған 28 соққыға тойтарыс берді. Осылайша, «Айсұлу Таңдаулы» бірінші айналымның қорытындысы бойынша алты ұпай жинап, кестеде көш бастады.

«Айсұлу Таңдаулы» - «Грация» 3:0 (1:0, 2:0, 0:0)

1:0 - 18:00 - Нусупова (Раковская, Шуклина)

2:0 - 24:17 - Шуклина (Майорова)

3:0 - 31:50 - Новикова (Шуклина, Фомина)

Қақпашылар: Павловская – Прицкер

«Жұлдыздың» қыздары «Бұлбұл» командасындағы қарсыластың арынын басып, чемпионаттағы алғашқы жеңістеріне қол жеткізді. Карина Амирова мен Карина Сулайманова дубльден жасады.

«Бұлбұл» - «Жұлдыз» 1:6 (0:1, 1:2, 0:3)

0:1 - 17:01 - Амирова (Пак, Берикова) ГМ

0:2 - 23:19 - Сулайманова (Сулейманова)

0:3 - 28:55 - Амирова

1:3 - 33:42 - Мелс (Қанатқызы)

1:4 - 45:49 - Адилхан (Пак, Асимова)

1:5 - 46:51 - Сулайманова (Животовская) ГМ

1:6 - 59:18 - Берикова (Асимова)

Қақпашылар: Мәлік - Мамешева (Прицкер, 57:31-60:00)


Фото авторы - Евгений Галенковский


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Qyzdar Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.