Томирис Айсұлуды құрғақ жеңді

14 qazan
234

Қазақстан қыздар чемпионатының А тобының бірінші турындағы соңғыдан алдыңғы матчта қазіргі чемпион мен өткен маусымның күміс жүлдегері кездесті.

Қарсыластардың екінші кездесуі айтарлықтай тартысты өтті. «Айсұлу» ойыншылары қарсы қақпаға соққыны көптеп боратқанымен бүгін елордалық хоккейшілер дәлірек көздеді. Юлия Буторина бірінші кезеңнің ортасына қарай есеп ашты, ал таблодағы есептің нүктесін қарсыластың бос қақпасын алған Яна Крашенинина қойды. Арина Щёколова қақпаға бағытталған 40 соққыға тойтарыс берді.

Осылайша, Александр Тебеньковтың ойыншылары «Торпедомен» ертеңгі матчтың нәтижесіне қарамастан, басталған турдың қорытындысы бойынша бірінші орынға шықты.

«Айсұлу» - «Томирис» 0:2 (0:1, 0:0, 0:1)

0:1 - 09:45 - Буторина (Мелехина)

0:2 - 59:34 - Крашенинина (Буторина) ПВ

Қақпашылар: Сафонова - Щёколова


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Qyzdar Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.