Томирис А тобының көшін бастады

12 qazan
174

Сенбіге хоккейден Қазақстан қыздар чемпионатында бір матч жоспарланды.

Бірінші турдың иелері «Томириспен» матчта 22-ші секундта есеп ашты – София Зубкова көзге түсті. Алайда әрі қарай елордалық ұжым бақылауды өз қолына алып, тиісті нәтижеге қол жеткізді. Екатерина Прозорова дубль жасады, Камилла Мухаметдинова, Лия Ивина мен Надежда Филимонова бір голдан салды. Қонақтардың қақпашысы Анастасия Ропотованың есебінде 17 сейв. Бірінші айналымның қорытындысы бойынша Александр Тебеньковтың ойыншылары екі жеңіске жетіп, А тобының көшін бастады.

«Торпедо» - «Томирис» 1:5 (1:3, 0:2, 0:0)

1:0 - 00:22 - Зубкова (Саяхаткызы Д., Куклина)

1:1 - 02:21 - Прозорова (Крашенинина)

1:2 - 11:41 - Прозорова (Филимонова, Оразбаева)

1:3 - 16:56 - Мухаметдинова (Пуртова, Крашенинина) ГБ

1:4 - 32:59 - Ивина (Баранова)

1:5 - 35:27 - Филимонова (Оразбаева, Молдабай) ГБ

Қақпашылар: Полиенко - Ропотова


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Qyzdar Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.