Томирис чемпионаттағы алғашқы жеңісіне қол жеткізді

11 qazan
253

Өскеменде хоккейден Қазақстан қыздар чемпионатының алғашқы туры жалғасуда.

Қарсыластар – «Айсұлу» мен «Томиристің» бірінші текетіресінде елордалық ұжым басым түсті. Александр Тебеньковтың ойыншылары 33-ші минутқа қарай қарай Екатерина Куценконың, Азалия Авзалова мен Дарья Кожинаның дөп соққыларынан кейін жақсы есеп үстемдігін орнатты. Әрі қарай алматылық қыздар Брианна Троттэр мен Пернеш Ашиимованың арқасында есеп алшақтығын минимумға дейін қысқартты, алайда ойынды овертаймға айналдыру мүмкін болмады. «Томирис» қақпашысы Арина Щёколова қақпаға бағытталған 33 соққыға тойтарыс берді.

«Айсұлу» - «Томирис» 2:3 (0:2, 0:1, 2:0)

0:1 - 09:33 - Куценко ГБ

0:2 - 19:44 - Авзалова

0:2 - 27:17 - Турсынова ШБ

0:3 - 32:03 - Кожина

1:3 - 51:04 - Троттэр (Широкова, Хиндс) ГБ

2:3 - 55:21 - Ашимова (Пяткова, Риу)

Қақпашылар: Сафонова - Щёколова


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Qyzdar Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.