2024-2025 маусымдағы Қазақстан қыздар чемпионатының бірінші турының форматы мен өткізілетін күндері

5 qazan
155

Назарларыңызға Qyzdar Hokei Ligasy-ның жаңартылған форматын, сонымен қатар қыздар ҚРЧ бірінші туры өтетін күндерді ұсынамыз.

2024-2025 жылғы маусымда Қазақстан қыздар чемпионатына жеті ұжым қатысады, олар өзара екі топқа бөлінеді. «А» тобында «Айсұлу», «Томирис» пен «Торпедо» ойнайды, олар төрт турдың қорытындысы бойынша Qyzdar Hokei Ligasy жеңімпазы мен жүлдегерлерін анықтайды.

«Б» тобында «Жұлдыз», «Юность-Грация», «Бұлбұл» және ұлттық турнирлердің жаңа ойыншысы «Айсұлу таңдаулы» өнер көрсетеді. «Б» тобының жеңімпазы келесі маусымда жоғарылап, «А» тобының қатысушылары қатарына қосылады.

«А» тобының бірінші турының матчтары 10 және 15 қазан аралығында Өскеменде өтеді. «Б» тобының командалары бастапқы турды 17 және 23 қазан аралығында Алматыда өткізеді. Ойындар кестесімен сайтымыздың тиісті бөлімінде танысуға болады.


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Qyzdar Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.