Хоккейден Қазақстан қыздар чемпионаты аяқталды

24 naýryz
1144

Алматыда 1xBet Qyzdar Hokei Ligasy-ның төртінші туры аясындағы қорытынды кездесулер өтті.

«Юность» алғаш рет «Жұлдызды» жеңді. Қарағандылық ұжым үшін бұл – маусымдағы бесінші жеңіс. Қарсыласты екі рет Анна Жуланова күйіндірді. Ойынның шартты иелерінің қақпашысы Александра Полиенко қақпаға бағытталған 45 соққыға тойтарыс берді.

«Юность-Грация» - «Жұлдыз» 4:0 (2:0, 1:0, 1:0)

«Томирис» елордалық матчта «Бұлбұлдан» басым түсті. Өз есебіне алты голды Лия Ивина жазды, покер Александра Шегайдың есебінде. Осылайша, Александр Тебеньковтің ойыншылары ел чемпионатының қорытындысы бойынша екінші орынды иеленді.

«Томирис» - «Бұлбұл» 26:1 (10:0, 8:1, 8:0)

«Торпедомен» матчтың екпінді өткен екінші кезеңі ел чемпионы «Айсұлуға» маусымды көтеріңкі көңіл күймен аяқтауға көмектесті. Жеңімпаздар құрамынан Малика Алдабергенова дубль жасады, бес рет Аида Олжабаева пас берді. «Торпедо» қола медальдің иегері атанды.

«Айсұлу» - «Торпедо» 5:1 (1:0, 3:0, 1:1)


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Qyzdar Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.