Юность-Грация маусымдағы төртінші жеңісіне қол жеткізді, Айсұлу Жұлдызды ойсырата жеңді, Томирис Торпедоны «құрғақ» жеңді

23 naýryz
1037

Алматыда хоккейден Қазақстан қыздар чемпионатының қорытынды туры аяқталуда.

Турнир кестесінің төменгі бөлігіндегі командалардың текетіресінде «Юность-Грация» басым түсті. Қарағандылық ұжымның құрамынан Ольга Бегунова хет-трик жасады, қарсыласты екі реттен Наталья Скуржинская мен Злата Филичкина састырды. «Бұлбұл» құрамынан абырой шайбасын Людмила Кострюченко салды.

«Юность-Грация» - «Бұлбұл» 8:1 (3:0, 2:0, 3:1)

Алматылық командалар тартысында бүгін қазіргі чемпион дәрежесінде өнер көрсеткен «Айсұлу» басым түсті. Өз есебіне бес голды Елизавета Дюндина жазды, хет-трикті Ольга Широкова жасады. Ойынның шартты қонақтарынан Карина Сулайманова жалғыз шайбаны салды.

«Айсұлу» - «Жұлдыз» 14:1 (6:1, 2:0, 6:0)

Чемпионаттың екі жүлдегерінің матчында «Томирис» қыздары құрғақ жеңіске жетті. Елордалық ұжым құрамынан Анастасия Мелехина, Нина Баранова, Дарья Кожина мен Александра Шегай бір-бір шайба салды. Арина Щёколова қақпаға бағытталған 18 соққыға тойтарыс берді.

«Торпедо» - «Томирис» 0:4 (0:1, 0:1, 0:2)


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Qyzdar Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.