1xBet Qyzdar Hokei Ligasy командалары маусымның шешуші кезеңіне аяқ басты.
Ойын күнінің алғашқы матчында «Томирис» «Жұлдыз» командасындағы қарсыластарын тырп еткізбеді. Бірінші кезеңде-ақ елордалық қыздар қарсыластың қақпасына сегіз шайба салды. Әрі қарай есеп алшақтығы өсе берді. Анастасия Оразбаева мен Лия Ивина үш шайбадан салды.
«Томирис» - «Жұлдыз» 17:0 (8:0, 3:0, 6:0)
«Торпедо» мен «Бұлбұлдың» текетіресінде тағы бір құрғақ матч болды. Елордалық ұжым өскемендік қарсыластың қақпасын ала алмады. Ойынның шартты иелерінің құрамынан Анастасия Дубровская, София Зубкова, Полина Мокина мен Мунира Саяхатқызы хет-трик жасады.
«Торпедо» - «Бұлбұл» 23:0 (11:0, 3:0, 9:0)
«Айсұлу» қарағандылық қарсыластарды сенімді түрде жеңді. Нәтижелілік үшін Ольга Широкова 6 (2+4) балл иемденді, дубль Лариса Свиридованың есебінде. Қарағандылықтар құрамынан Анна Жуланова екі шайба салды.
Осы жетістігінен кейін «Айсұлу» чемпионаттың қорытындысы бойынша бірінші орынды еншілегелі отыр.
«Айсұлу» - «Юность-Грация» 8:3 (1:1, 4:1, 3:1)
ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Qyzdar Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.