Жұлдыз Бұлбұлды ойсырата жеңді, Торпедо – чемпионаттың қола жүлдегері, Томирис Айсұлуды чемпиондыққа өткізбеді

20 naýryz
708

Алматыда хоккейден Қазақстан қыздар чемпионатының төртінші туры жалғасады.

«Жұлдыз» ұжымы чемпионаттағы жетінші жеңісіне қол жеткізді. Оңтүстікастааналық команда «Бұлбұлдың» қақпасына жауапсыз 13 шайба аттандырды. Покер Эвелина Емцованың есебінде, 5 (1+4) балды Алина Животовская иеленді.

«Жұлдыз» - «Бұлбұл» 13:0 (2:0, 6:0, 5:0)

«Торпедо» «Юность» командасын жеңгеннен кейін чемпионаттың қорытындысы бойынша үшінші орынға табан тіреді. Қарсыласты үш рет Карина Фельзинк састырды, Мунира Саяхатқызы 5 (1+4) ұпай жинады.

«Торпедо» - «Юность-Грация» 10:2 (5:0, 0:0, 5:2)

Турдың негізгі жекпе-жегінде «Томирис» «Айсұлуға» қарсы ойында жеңіске жетті. Елордалық хоккейші қыздар финалдық ысқырыққа екі минуттан астам уақыт қалғанда жеңілістен құтылды. Ал овертаймның аяқталуына бір секунд қалғанда екі балды ойынның шартты қонақтарына Александра Шегайдың дөп соққысы сыйлады.

«Айсұлу» - «Томирис» 1:2 ОТ (0:0, 1:0, 0:1, 0:1)


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Qyzdar Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.