1xBet Qyzdar Hokei Ligasy-ның үшінші турының қорытындысы

22 aqpan
950

Алматыда өткен хоккейден Қазақстан қыздар чемпионатының үшінші турын қорытындылайық.

«Айсұлу» өзінің жеңістер сериясын жалғап, чемпионаттағы көшбасшылығын сақтап келе жатыр. Оңтүстікастаналық команда 15 матчтың 15-інде жеңіске жетіп (олардың 1-еуі буллиттер бойынша), қоржынға 30 ұпайды салды. Бұл ретте «Айсұлу» Лиганың ең нәтижелі ұжымы (217 гол) және қорғаныстағы ойын бойынша чемпионат көшбасшысы (пассивте небәрі 9 шайба) болып қала береді.

«Алтын» үшін тартыста «Айсұлудың» басты бәсекелесі – «Томирис». Қазіргі чемпиондар 15 кездесудің 12-сін жеңді және тек «Айсұлуға» ғана есе жіберді. Елордалық ұжымның есебінде 25 балл бар.

Көшбасшылар үштігін «Торпедо» тұйықтайды (18 балл). Өскемендіктер қыздар тоғыз ойында жеңіске жетіп, төртінші орында келе жатқан «Жұлдыздан» алты ұпай алда келе жатыр.

Чемпионаттың үздік бомбардирі және сұрмергені – «Айсұлу» командасындағы Ольга Широкова. Оның есебінде 39 гол мен 28 пас бар.

Чемпионаттың ең нәтижелі ойыншыларының үштігіне сонымен қатар Широкованың әріптестері Элизабет Дюндина (21+37) және Эннализ Хейс (31+14) кіреді.

Фото авторы – Евгений Галенковский


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Qyzdar Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.