Торпедо Бұлбұлды ойсырата жеңді, Жұлдыз Юность командасын жеңу үшін тер төкті, Айсұлу тағы да Томиристен басым түсті

17 aqpan
684

Қазақстан қыздар чемпионатының үшінші турының соңғыдан алдыңғы ойын күніне үш матч жоспарланды.

«Торпедо» «Бұлбұл» командасын ойсырата жеңіп, чемпионаттағы сегізінші жеңісіне қол жеткізді. Бұл ойында екінші кезең шешуші болып, елордалық ұжымның қақпасына тоғыз шайба аттанды.

«Торпедо» - «Бұлбұл» 16:0 (4:0, 9:0, 3:0)

«Жұлдызға» «Юность» командасын жеңу оңайға соқпады. Үшінші кезеңге дейін қарағандылық қыздар жеңістен әлі де үмітті болды. Алайда үшінші кезең матчтың барысын бұрып жіберді.

«Жұлдыз» - «Юность-Грация» 4:2 (0:0, 0:1, 4:1)

Үшінші турдың негізгі жекпе-жегінде «Айсұлу» «Томиристен» тағы да басым түсті. Бұл ретте елордалық хоккейшілер қарсыластың қақпасын ала алмады. Алматылық қыздарға артық құрамның ұйымдастырылуы жеңіс әкелді – «Айсұлуды» хоккейшілері үш шайбаны артық құраммен салды. Ольга Широкова дубль жасады.

«Айсұлу» - «Томирис» 4:0 (1:0, 2:0, 1:0)


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Qyzdar Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.