Жұлдыз, Томирис пен Айсұлудың құрғақ жеңістері

16 aqpan
808

1xBet Qyzdar Ligasy командалары Қазақстан чемпионатының үшінші турының аясындағы ойындарын жалғастыруда.

Ойын күнінің алғашқы матчында «Бұлбұл» командасы «Жұлдыз» ұжымындағы қарсыластарының қақпасын ала алмады. Шолпан Тоққожа хет-трик жасады, сонымен қатар алматылықтардың қақпашысы Арина Павловскаяның тамаша ойынын атап өткен жөн. Қақпашы 31 сейв жасады.

«Бұлбұл» - «Жұлдыз» 0:3 (0:1, 0:1, 0:1)

«Томирис» ойынды үдетіп ойнап, «Торпедодағы» қарсыластарын тырп еткізбеді. Өскемендік қыздардың қақпасына жауапсыз алты шайба аттанды. Бұл ойында екі балдан Александра Шегай (1+1), Оксана Шупенько (1+1) мен Анастасия Оразбаева (0+2) жинады. Арина Щёколова өз есебіне 17 сейв жазды.

«Томирис» - «Торпедо» 6:0 (1:0, 2:0, 3:0)

Чемпионат көшбасшысы «Айсұлу» да «Юность» командасымен матчта еш қиналмады. Пернеш Ашимова, Елизавета Дюндина мен Ольга Широкова төрт балдан жинады (барлығы 2+2).

«Айсұлу» - «Юность-Грация» 15:0 (3:0, 6:0, 6:0)


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Qyzdar Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.