Юность-Грация чемпионаттағы үшінші жеңісіне қол жеткізді, Томирис Жұлдыздан басым түсті, Торпедо Айсұлуға төтеп бере алмады

14 aqpan
362

Оңтүстік астанада хоккейден Қазақстан қыздар чемпионатының үшінші туры жалғасуда.

«Юность-Грация» мен «Бұлбұл» нәтижелі матч өткізіп, бірігіп 14 гол салды. Бұл текетіресте бірінші кезеңде-ақ шешуші серпіліс жасаған қарағандылық қыздар дәлірек көздеді. Жеңімпаздар құрамынан Калима Нигматулина хет-трик жасады. Елордалық ұжымнан үш дөп соққыны Екатерина Назаренко-Гурова жасады.

«Юность-Грация» - «Бұлбұл» 8:6 (4:2, 3:2, 1:2)

«Жұлдыз» хоккейшілері «Томирис» командасындағы қарсыластың қақпасын аша алмады. Елордалық ұжым құрамынан Оксана Шупенько, Юлия Буторина мен Екатерина Куценко екі голдан салды.

«Жұлдыз» - «Томирис» 0:15 (0:2, 0:7, 0:6)

«Айсұлу» хоккейшілері көпшілік күткен жеңіске жетті. Бұл ойында үш балдан Эннализ Хейс (2+1) пен Елизавета Дюндина (1+2) жинады.

«Айсұлу» - «Торпедо» 8:1 (3:0, 4:0, 1:1)


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Qyzdar Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.