Торпедо Жұлдыздан басым түсті, Томирис пен Айсұлу ірі жеңіске жетті

13 aqpan
813

Алматыда Қазақстан қыздар чемпионатының үшінші туры жалғасуда.

«Жұлдыз» командасынан Эвелина Емцева «Торпедомен» матчта есепті үшінші минутта-ақ ашты. Алайда әрі қарай өскемендік қыздар ғана гол салды. Ойынның шартты иелерінің құрамынан Карина Фельзинк хет-трик жасады.

«Торпедо» - «Жұлдыз» 5:1 (1:1, 4:0, 0:0)

«Томирис» командасындағы қазіргі чемпиондар өздерінің қарағандылық көршілерін аямады. «Юность-Грация» қақпасына жауапсыз 16 шайба аттанды. Кездесудің ең нәтижелі ойыншысы екі гол салып, үш нәтижелі пас берген Анастасия Оразбаева болды.

«Томирис» - «Юность-Грация» 16:0 (4:0, 8:0, 4:0)

Ойын күнінің соңғы кездесуі ірі есеппен аяқталды. Биылғы маусым көшбасшысы – «Айсұлу» чемпионат дебютанты «Бұлбұлды» ойсырата жеңді. Жеті шайбаны Эннализ Хейс салды, алты дөп соққы Ольга Широкованың есебінде.

«Айсұлу» - «Бұлбұл» 34:0 (18:0, 10:0, 6:0)


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Qyzdar Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.