1xBet Qyzdar Hokei Ligasy-ның екінші турының қорытындысы

3 qańtar
454

Алматыда өткен хоккейден Қазақстан қыздар чемпионатының екінші турын қорытындылайық.

«Айсұлу» өзінің жеңіс шеруін жалғастырып, чемпионаттағы көшбасшылығын сақтап қалды. Оңтүстікастаналық ұжым 10 матчтың 10-ында жеңіске жетіп (олардың 1-еуі овертаймда), өз есебіне 20 ұпай жазды. Бұл ретте «Айсұлу» Лиганың ең нәтижелі ұжымы (142 шайба салынды) және қорғаныстағы ойын бойынша чемпионат көшбасшылығын (пассивте барлығы 8 шайба) сақтап отыр.

«Алтын» үшін тартыста «Айсұлудың» басты бәсекелесі «Томирис» болып қала бермек. Қазіргі чемпиондар 10 кездесудің 8-інде жеңіске жетіп, тек «Айсұлудағы» қарсыластарына ғана есе жіберді. Елордалық ұжымның қоржынында 17 балл бар.

Үздіктер үштігін «Торпедо» тұйықтайды (12 балл). Өскемендік қыздар алты ойында жеңіске жетті және әзірге төртінші орында келе жатқан «Жұлдыздан» төрт ұпай алда келе жатыр.

Бүгінгі таңда чемпионаттың үздік бомбардирі әрі сұрмергені – жазда клубын ауыстырып, енді «Айсұлу» сапында ойнайтын Ольга Широкова. Оның есебінде 26 гол және 21 нәтижелі пас бар.

Широкованың командаласы Елизавета Дюндина (16+25) ең нәтижелі ойыншылар тартысында екінші болып келе жатыр және чемпионаттың үздік ассистенттері тізімінде көш бастап тұр.

Лиганың ең нәтижелі ойыншыларының бірі «торпедолық» Мунира Саяхатқызы (17+18) – бомбардирлер рейтингісінде үшінші.


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Qyzdar Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.