Жұлдыз хоккейшілері Торпедоның қақпасын ала алмады, Томирис Бұлбұлды ойсырата жеңді

21 jeltoqsan
738

Оңтүстік астанада хоккейден қыздар чемпионатының екінші туры аяқталуға таяды.

«Торпедо» «Жұлдызға» қарсы матчта құрғақ жеңіске жетті. Карина Фельзинк хет-трик жасады. Полина Мокина мен Мунира Саяхатқызы қарсыласты екі реттен күйіндірді. Осы жеңісінен кейін өскемендік ұжым екінші турдың қорытындысы бойынша турнир кестесінде үшінші орынды иеленіп отыр.

«Торпедо» - «Жұлдыз» 8:0 (1:0, 4:0, 3:0)

Астаналық ел чемпиондары өз ойындарын турнирдің дебютанттары «Бұлбұлға» қарсы матчтағы сенімді жеңіспен аяқтады. Бес гол мен бір пас Камилла Мухаметдинованың есебінде, сондай-ақ Александра Шегай (2+4) мен Оксана Шупенько (1+5) алты ұпайдан жинады. Екінші турдың қорытындысы бойынша «Томирис» турнир кестесінде екінші орында.

«Томирис» - «Бұлбұл» 20:0 (4:0, 10:0, 6:0)


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Qyzdar Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.