Чемпионат көшбасшылары ірі жеңіске қол жеткізді

20 jeltoqsan
672

Оңтүстік астанада хоккейден қыздар арасындағы ел чемпионаты екінші турының матчтары жалғасуда.

«Юность-Грация» «Торпедоның» қақпасын аша алмады. Өскемендік қыздар бірінші кезеңде шешуші үстемдікке ие болды. Дильназ Саяхатқызы хет-трик жасады, Мунира Саяхатқызы (2+3) өз командасының бес нәтижелі шабуылына қатысты.

«Юность-Грация» - «Торпедо» 0:11 (0:7, 0:2, 0:2)

«Томирис» «Айсұлудан» жеңілгеннен кейін бар ашуын «Жұлдыздан» алды. Елордалық қыздар бірінші кезеңде-ақ сегіз гол салды. Әрі қарай есеп алшақтығы өсе берді. Анастасия Оразбаева (5+2) мен Лия Ивина (3+4) кездесудің ең нәтижелі ойыншылары атанды.

«Жұлдыз» - «Томирис» 1:24 (0:8, 0:10, 1:6)

Чемпионаттың қазіргі көшбасшысы екпінді бәсеңдетпей, «Бұлбұл» командасын ойсырата жеңді. Ольга Широкова (5+5) он ұпай жинады, қарсыласты төрт реттен Елизавета Дюндина мен Лариса Свиридова састырды.

«Айсұлу» - «Бұлбұл» 25:0 (11:0, 9:0, 5:0)


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Qyzdar Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.