Бүгінге хоккейден Қазақстан қыздар чемпионатында үш матч жоспарланды.
Өскемендік қыздар биылғы маусымдағы ең ірі жеңіске қол жеткізді. Елордалық «Бұлбұл» қақпасына жауапсыз 23 шайба аттанды. Қарсыласты бес рет София Зубкова күйіндірді, Карина Фельзинк пен Златоцвета Феоктистова өз есептерін хет-триктен жазды.
«Бұлбұл» - «Торпедо» 0:23 (0:8, 0:7, 0:8)
«Жұлдыз» қарағандылық қарсыласты жеңі үшін біршама тер төкті. «Юность-Грация» командасының қыздары шабуылшылардың тегеурініне төтеп берді, алайда кездесудің соңында тәжірибелі хоккейшілер өз дегендеріне жетті. Өз командасының екі нәтижелі шабуылына София Раковская қатысты.
«Жұлдыз» - «Юность-Грация» 3:0 (0:0, 1:0, 2:0)
Турдың негізгі текетіресінде «Айсұлу» «Томиристен» жеңісті жұлып әкетті. Елордалық хоккейшілер матч барысында 0:2 болып тұрған жерінен есе қайтарды, алайда кездесудің соңында қарсыластың нәтижелі шабуылын өткізіп алды. Алматылықтар турнир кестесіндегі өз көшбасшылығын нығайтты. Шешуші шайбаның авторы – Пернеш Ашимова.
«Айсұлу» - «Томирис» 3:2 (1:0, 1:2, 1:0)
ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Qyzdar Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.