Торпедо Жұлдызды жеңді, Томирис пен Айсұлу қарсыластарды ойсырата жеңді

17 jeltoqsan
711

Алматыда Қазақстан қыздар чемпионатының екінші туры жалғасады.

Ойын күнінің бірінші матчында «Торпедо» «Жұлдыз» ұжымындағы қарсыластарын сенімді түрде жеңді. Мунира Саяхатқызы (2+1) қарсыластарын екі рет састырды, Карина Фельзинк (1+2) те өз командасының үш нәтижелі шабуылына қатысты.

«Жұлдыз» - «Торпедо» 3:8 (1:2, 1:4, 1:2)

«Томирис» командасындағы қазіргі чемпиондар «Бұлбұл» командасындағы қарсыластарын ойсырата жеңді. Ойынның шартты қонақтары жеңімпаздың кім болатынын бірінші кезеңде-ақ байқатты.

«Бұлбұл» - «Томирис» 0:27 (0:11, 0:9, 0:7)

Чемпионаттың қазіргі көшбасшысы «Айсұлу» қарағандылықтармен ойын барысында еш қиналмады. Бұл матч бірінші турдан қалдырылған матч болатын. Айтып өтетін жайт, «Юность-Грация» хоккейшілері абырой шайбасын салуға жарады.

«Айсұлу» - «Юность-Грация» 22:1 (7:0, 6:0, 9:1)


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Qyzdar Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.