«Жұлдыздың» қыздары Бұлбұлдың қақпасына сегіз жауапсыз шайба аттандырды, Томирис Юность-Грациямен матчта құрғақ жеңіске жетті

15 jeltoqsan
611

Алматыда хоккейден Қазақстан қыздар чемпионатының екінші туры басталды.

«Бұлбұлдың» қыздары «Жұлдыз» ұжымының қақпасын аша алмады. Жеңімпаздар құрамынан София Раковская покер жасады, екі дөп соққы Эвелина Емцованың есебінде.

«Жұлдыз» - «Бұлбұл» 8:0 (2:0, 5:0, 1:0)

«Томирис» «Юность-Грацияны» еш қиындықсыз жеңді. Қарағандылықтардың қақпасына жауапсыз 14 шайба аттанды. Яна Крашенинина хет-трик жасады, Лия Ивина төрт нәтижелі пас берді.

«Томирис» - «Юность-Грация» 14:0 (3:0, 5:0, 6:0)

Чемпионат көшбасшысы «Торпедоны» сенімді түрде жеңді. Бірінші кезеңде-ақ «Айсұлу» қыздары үш гол ұйымдастырып, әрі қарай үстемдікті нығайта түсті. Эннализ Хейс пен Ольга Широкова өз есебіне екі дөп соққыдан жазды.

«Айсұлу» - «Торпедо» 8:0 (3:0, 2:0, 3:0)


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Qyzdar Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.