1xBet Qyzdar Hokei Ligasy-ның екінші туры Алматыда өтеді

8 jeltoqsan
455

Хоккейден Қазақстан қыздар чемпионатының екінші туры өтетін уақыт пен басталу уақыты белгілі болды.

Қазақстан қыздар чемпионатының екінші туры Алматыда 14 және 22 желтоқсан аралығында өтеді. Марапат үшін алты ұжым: алматылық «Айсұлу» мен «Жұлдыз», турнир дебютанты астаналық «Бұлбұл», өскемендік «Торпедо», қарағандылық «Юность-Грация» және елордалық «Томиристегі» қазіргі чемпиондар тартысады.

Турнир аясында оңтүстік астанада бірінші турдан кейінгі қалдырылған матчтар да өтетінін айтып өткен жөн. Толық кестемен сайтымыздың тиісті бөлімінде таныса аласыздар.

Қазіргі таңда чемпионаттың турнир кестесінде бірінші орында «Айсұлу» қыздары тұр. Әрі қарай үздіктер үштігіне «Томирис» пен «Торпедо» енеді. 


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Qyzdar Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.