Хоккейден Қазақстан қыздар чемпионатының бірінші турын қорытындылайық. Барлық командалар төрт матчтан ойнады, ұжымдар келесі турлар аясында тағы бір-бір кейінгі қалдырылған ойыннан өткізеді.
«Айсұлу» жүз пайыздық нәтиже көрсетіп, чемпионаттың аралық кестесінің көшін бастады. Бұл ретте алматылық команда салынған шайбалар (52), өткізілген шайбалар (4) бойынша да үздік атанып отыр. Екі кездесуде Александр Мальцевтің ойыншылары мұз алаңынан өз қақпасына шайба жуытпастан кетті.
Қазіргі ел чемпиондары – «Томирис» 8 ұпайдың жетеуін жинап, буллиттер сериясында тек «Айсұлуға» жол берді. Александр Тебеньковтің командасы өз есебіне екі құрғақ жеңісті жазды.
«Торпедо» мен «Жулдыз» екі реттен жеңіске жетіп, төрт балл жинады. Командалардың өзара жекпе-жегі өткен жоқ, сондықтан әзірге қосымша көрсеткіштер бойынша өскемендіктер үздіктер үштігіне еніп отыр.
Бірден үш ойыншы бастапқы турдың қорытындысы бойынша 15 ұпайдан жинады. Үздік бомбардирлер тартысында әзірге «Айсұлу» командасындағы Эннализ Хейс (12+3) көш бастап келеді. «Торпедолық» Мунира Саяхатқызы (8+7) мен «Айсұлудың» тағы бір өкілі Ольга Широкова (7+8) асқан дәлдікпен көздемесе де, өз командаластарына бәрінен артық пас берді.
Қорғаушылар арасынан үздік көрсеткіштер «торпедолық» Анастасия Дубровскаяда (1+6).
ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Qyzdar Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.