Юность-Грация өз тарихындағы алғашқы жеңісіне қол жеткізді

31 qazan
985

Өскеменде хоккейден Қазақстан чемпионатының бастапқы туры аяқталды.

Турнир кестесінің түбіндегі қос команданың нәтижелі текетіресінде «Юность-Грация» басым түсті. Қарағандылық ұжым өз тарихындағы алғашқы жеңісіне қол жеткізді. Қарсыласты үш реттен Анна Климова (3+2) мен Алина Жакулина (3+1) састырды. «Бұлбұл» командасының құрамынан Екатерина Назаренко-Гурова покер жасады, Бұлбұл Қартанбай өз командасының бес нәтижелі шабуылына қатысты (2+3).

«Юность-Грация» - «Бұлбұл» 12:6 (2:1, 4:2, 6:3)

«Айсұлу» «Жұлдыз» ұжымындағы қарсыластарын ойсырата жеңіп, чемпионаттың бастапқы турының қорытындысы бойынша Лиганың турнир кестесінде көш бастады. Өз есебіне бес голды Эннализ Хейс жазды, Малика Алдабергенованың есебінде хет-трик пен екі нәтижелі пас бар.

«Жұлдыз» - «Айсұлу» 0:16 (0:6, 0:7, 0:3)

«Томирис» «Торпедоның» арынын басып, турнир кестесінде екінші орынға жайғасты. Елордалық ұжым үшін үшінші кезең сәтті болып, өскемендік қыздардың қақпасына екі шайба аттанды. Қақпашы Людмила Ушакованың есебінде 22 сейв бар.

«Торпедо» - «Томирис» 1:4 (1:1, 0:1, 0:2)


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Qyzdar Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.