Торпедо мен Жұлдыздың жеңістері, Айсұлу көшбасшылардың алғашқы жекпе-жегінде жеңіске жетті

30 qazan
765

Өскеменде хоккейден Қазақстан қыздар чемпионатының үшінші ойын күні аяқталды.

«Торпедолық» қыздар «Бұлбұл» ұжымындағы қарсыластарын тырп еткізбеді. Бірінші кезеңде-ақ чемпионат дебютанттарының қақпасына тоғыз жауапсыз шайба аттанды. Әрі қарай есеп айырмашылығы арта берді. Карина Фельзинк покер жасады, София Зубкова мен Мунира Саяхаткызы үш голдан салды, Мунира тіпті бес рет нәтижелі пас берді.

«Торпедо» - «Булбул» 17:1 (9:0, 2:0, 6:1)

«Юность-Грация» «Жұлдыз» ұжымының қақпасын аша алмады. Қарағандылықтар үшін бірінші кезең шешуші болып, алматылық қыздар бес шабуыл ұйымдастырды. Ойынның шартты иелерінің қақпашысы Арина Павловская қақпаға бағытталған 23 соққының барлығына тойтарыс берді.

«Жұлдыз» - «Юность-Грация» 7:0 (5:0, 1:0, 1:0)

Бірінші турдың негізгі шайқасында байырғы қарсыластар – «Томирис» пен «Айсұлу» кездесті. Алматылықтар бірінші кезеңде екпіндетіп өткізіп, әрі қарай елордалық қыздар ойынға оралып, есеп теңестірді. Нәтижесінде, жеңімпаз тек буллиттер сериясында анықталды. Мұнда ойынның шартты қонақтары дәлірек көздеді. Шешуші соққының авторы – «Томиристің» экс-ойыншысы Ольга Широкова.

«Томирис» - «Айсұлу» 3:4 Б (1:3, 2:0, 0:0, 0:0, 0:1)


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Qyzdar Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.