Жұлдыз командасы маусымдағы алғашқы жеңісіне қол жеткізді, Смирнова бір жарым минут ішінде нағыз хет-трик жасады, Айсұлу Торпедоны жеңді

27 qazan
1114

Өскеменде хоккейден Қазақстан қыздар чемпионатының бірінші туры жалғасуда.

«Жұлдыз» ұжымы жаңа маусымдағы алғашқы жеңісіне қол жеткізді. Алматылық ұжым үшін бірінші кезең табысты болып, қарсыластың қақпасына жауапсыз бес шайба аттанды. Өз есебіне бір-бір дубльден Эвелина Емцева, София Раковская, Регина Салтысова мен Шолпан Тоққожа жазды. Айтып өтетін жайт, ойынның шартты иелері «Бұлбұл» командасы бүгін өз тарихындағы алғашқы голдарын салды. Тарихи соққының авторы – Медина Нуганова. Сондай-ақ бұл ойында елордалық клубтың негізін қалаушы Бұлбұл Қартанбай көзге түсті.

«Бұлбұл» - «Жұлдыз» 3:11 (0:5, 2:4, 1:2)

«Томирис» командасындағы қазіргі ел чемпиондары қарағандылық қарсыластарды тырп еткізбеді. Екінші кезеңде елордалық ұжым 11 нәтижелі шабуыл ұйымдастырды. Кристина Смирнова нағыз хет-трик жасады, б ұл ретте хоккейшіге небәрі 92 секунд қажет болды. Сондай-ақ үшл дөп соққы Милана Пуртованың есебінде.

«Юность-Грация» - «Томирис» 0:19 (0:3, 0:11, 0:5)

Ойын күнінің басты жекпе-жегінде «Айсұлу» «Торпедоны» жеңді. Алматылықтар өз сәттерін уыстан шығармады. Екі дөп соққыны Эннализ Хейс салды. Өскемендік ұжым құрамынан абырой шайбасын Мунира Саяхатқызы жасады.

«Айсұлу» - «Торпедо» 7:1 (4:0, 0:0, 3:1)


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Qyzdar Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.