Торпедо, Томирис пен Айсұлу чемпионатты жеңістен бастады

26 qazan
1279

Өскеменде хоккейден Қазақстан қыздар чемпионатының бірінші туры басталды.

Қыздар маусымының бірінші матчында «торпедолық» тур иелері қарағандылық қарсыластарын ойсырата жеңді. Мунира Саяхатқызы покер жасады, Златоцвета Феоктистованың есебінде хет-трик бар. Алайда «Юность» орындауындағы екі шайбаны атап өтпеуге болмайды – Злата Филичкина мен Рената Лившиц көзге түсті.

«Торпедо» - «Юность-Грация» 15:2 (6:1, 5:0, 4:1)

«Томирис» командасы қазіргі ел чемпиондары «Жұлдыз» ұжымының өкілдерін тырп еткізбеді. Елордалық қыздар үшін екінші кезең аса нәтижелі болып, алматылықтардың қақпасына алты шайба аттанды. Хет-трик авторы Лия Ивина, өз командасының төрт нәтижелі шабуылына Надежда Филимонова қатысты (2+2).

«Томирис» - «Жұлдыз» 12:0 (3:0, 6:0, 3:0)

Қазақстан қыздар чемпионатының дебютанты – «Бұлбұл» командасы өзінің алғашқы ресми матчында алтын медаль жорығындағы басты фаворит «Айсұлу» командасынан ойсырай жеңілді. Өз есебіне 7 шайбаны Эннализ Хейс жазды, Ольга Широкова 9 (3+6) ұпай жинады.

«Бұлбұл» - «Айсұлу» 0:25 (0:8, 0:10, 0:7)


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Qyzdar Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.