Өскемен 1xBet Qyzdar Hokei Ligasy-ның бірінші турын қабылдайды

13 qazan
525

1xBet Qyzdar Hokei Ligasy-ның өтетін орны мен басталатын күні белгілі болды.

Қазақстан қыздар чемпионатының бірінші туры Өскеменде 26 және 31 қазан аралығында өтеді. Марапат үшін алты ұжым: Алматыдан «Айсұлу», «Жұлдыз», турнир дебютанты астаналық «Бұлбұл», өскемендік «Торпедо», қарағандылық «Юность-Грация» және қазіргі чемпиондар елордалық «Томирис» тартысады.

Алғашқы ойын күнінде Борис Александров атындағы Спорт сарайында «Торпедо» - «Юность-Грация», «Томирис» - «Жұлдыз», сондай-ақ «Бұлбұл» - «Айсұлу» матчтары өтеді. Бірінші турдың толық кестесімен сайтымыздың тиісті бөлімінде таныса аласыздар.


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Qyzdar Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.