Қарағандыда 2022/23 жылғы маусымдағы Қазақстан қыздар чемпионаты аяқталды.
Матчтар аяқталғаннан кейін жеңімпаздар мен жүлдегерлерді марапаттау салтанаты өтті. Сондай-ақ өз амплуасында үздік атанған ойыншылар марапаттарға ие болды. Іс-шараға Қазақстанның хоккей федерациясының атқарушы директоры Алексей Мамонтов, QHL басқарушы директоры Андрей Сачук пен қыздар хоккейін дамыту жөніндегі директоры Виктория Сазонова қатысты.
Чемпионаттың қола медальдарын «Торпедо» жеңіп алды. Өскемендік қыздар 12 рет жеңіске жетіп, 24 балл жинады. Маусымның қорытындысы бойынша екінші орынды 21 кездесуде жеңіске жетіп, 42 балл жинаған алматылық «Айсұлу» иеленді. Тарихта алғаш рет елордалық «Томирис» ел чемпионы атанды. Александр Тебеньковтың ойыншылары бір ғана жекпе-жекте жеңіліп, өз есебіне 54 балды жазды.
Үздік қақпашы – Арина Щёколова («Томирис»).
Үздік қорғаушы – Анна Пяткова («Айсұлу»).
Үздік шабуылшы – Ольга Широкова («Томирис»).
Үздік жас ойыншы – София Зубкова («Торпедо»).
ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Qyzdar Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.