Қарағандыда 2022/23 жылғы маусымдағы Parimatch-Qyzdar Hokei Ligasy-ның қорытынды матчтары өтті.
Чемпионаттың екі жүлдегерінің текетіресінде «Айсұлу» басым түсті. Өскемендік қыздар соңғы кезеңде ойынға оралуға тырысты, алайда фавориттер өз үстемдігін уыстан шығармады. Жеңіс шайбасының авторы – Роксан Риу.
«Айсұлу» - «Торпедо» 6:3 (2:1, 2:0, 2:2)
Жаңа ел чемпиондары маусымды «Жұлдыз» ұжымына қарсы ірі жеңіспен аяқтады. Оңтүстікастаналық команда қақпасына жауапсыз 17 шайба аттанды. Бес голды өз есебіне Ольга Широкова жазды, қарсыласты екі реттен Лейсан Исхакова, Лия Ивина мен Дария Молдабай сан соқтырды.
«Томирис» - «Жұлдыз» 17:0 (8:0, 4:0, 5:0)
ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Qyzdar Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.