Торпедо Жұлдызды ойсырата жеңді, Томирис тағы да Айсұлудан басым түсті

6 sáýir
1185

Қазақстан қыздар чемпионаты ақтық мәреге жақындады.

Ойын күнінің алғашқы матчында «Торпедо» «Жұлдыз» ұжымындағы қарсыластарын тырп еткізбеді. Бірінші кезеңде-ақ алматылық ұжымның қақпасына бес шайба аттанды. Әрі қарай есеп алшақтығы өсе берді. Мунира Саяхатқызы мен Лаура Тохтарова өз есебіне үш голдан салды.

«Торпедо» - «Жұлдыз» 12:1 (5:1, 3:0, 4:0)

Екі қарсыластың текетіресінде тағы да елордалық қыздар басым түсті. «Томирис» және «Айсұлу» кездесуінің негізгі сәттері екінші кезеңде орын алды. Ойынның шартты иелері екі рет артық құрам ұйымдастырып, өз есебіне кезекті екі балын жазды. Александр Голотвин дубль жасады.

«Томирис» - «Айсұлу» 4:1 (0:0, 4:1, 0:0)

ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Qyzdar Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.