Томирис пен Айсұлудың құрғақ жеңістері

5 sáýir
1205

Хоккейден Қазақстан қыздар чемпионаты ақтық мәреге жақындады.

«Томиристік» чемпиондар «Торпедоға» қарсы ойында құрғақ жеңіске жетті. Елордалық қыздар үшінші кезеңді екпіндетіп өткізіп, ойынның шартты иелерінің қақпасына төрт шайба аттанды. Екатерина Куценко мен Ольга Широкова өз командасының екі нәтижелі шабуылына атсалысты.

«Торпедо» - «Томирис» 0:6 (0:2, 0:0, 0:4)

«Жұлдыз» және «Айсұлу» командаларының текетіресінде тағы бір құрғақ жеңіс тіркелді. «Айсұлу» спортшылары екі балл иемденіп қана қоймай, маусым бойғы 300 шайбалық межеден асты. Роксан Риу хет-трик жасап, оған қоса төрт нәтижелі пас берді.

«Жұлдыз» - «Айсұлу» 0:11 (0:5, 0:3, 0:3)

ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Qyzdar Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.