Хоккейден Қазақстан қыздар чемпионатының кезекті ойын күнінің матчтары өтті.
Бірінші ойын күнінің негізгі оқиғалары екінші кезеңде орын алды. Өскемендік қыздар өздері үшін шешуші үстемдікке ие болып, керек есепті финалдық ысқырыққа дейін сақтады. Карина Фельзинк хет-трик жасады, қарсыласты Мунира және Дильназ Саяхатқызы екі реттен састырды.
«Торпедо» - «Жұлдыз» 9:1 (1:0, 5:1, 3:0)
Турдың негізгі жекпе-жектерінің бірі елордалық ұжымның пайдасына шешілді. «Томирис» Дария Молдабайдың, Анна Жуланова мен Анастасия Оразбаеваның дөп соққыларының арқасында кезекті екі балды иемденді. Александр Тебеньковтың ойыншылары оңтүстік астаналық қарсыластарын шаң қаптырып, тарихта алғаш рет қыздар арасындағы ел чепионатының алтын медальдарын мерзімінен бұрын жеңіп алды.
«Томирис» - «Айсұлу» 3:1 (1:0, 2:1, 0:0)
ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Qyzdar Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.