Parimatch-Qyzdar Hokei Ligasy-ның бес ұжымы чемпионат марапаттары үшін тартысты жалғастырады.
Турнир кестесінің аралық көшбасшысы «Томирис» «Юность» командасындағы қарсыластарын тырп еткізбеді. Қарағандылық хоккейшілер қонақтардың қақпасын аша алмады. Жеңімпаздар құрамынан Анна Жуланова покер жасады, Анастасия Оразбаева мен Ольга Широкова өз есебіне үш дөп соққыдан жасады.
«Томирис» - «Юность-Грация» 17:0 (6:0, 6:0, 5:0)
«Айсұлу» хоккейшілері «Юность» командасымен текетіресте өз ұпай қоржындарын біршама толтырды. Тур иелерінің қақпасына жауапсыз 22 шайба аттанды. Қарсыласты 7 рет Роксан Риу састырды, 4 гол Елизавета Дюндинаның есебінде.
«Айсұлу» - «Юность-Грация» 22:0 (9:0, 3:0, 10:0)
«Юность» командасын жеңгеннен кейін «Томирис» «Торпедомен» текетірестің қорытындысы бойынша өз позициясын нығайтты. Өскемендік қыздар екінші кезеңде қарсыласқа соққы боратты, алайда ойынның шартты қонақтары үшінші кезеңге шаршап жетті. Елордалық ұжым құрамынан Екатерина Куценко хет-трик жасады.
«Томирис» - «Торпедо» 9:2 (2:0, 4:2, 3:0)
ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Qyzdar Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.