Қазақстан қыздар чемпионатының төртінші туры Қарағандыда өтеді

16 naýryz
912

Parimatch-Qyzdar Hokei Ligasy-ның қорытынды төртінші туры өтетін күндер мен орын белгілі болды.

Еске сала кетейік, биыл Қазақстан қыздар чемпионатының марапаттары үшін турнирдің дебютанты қарағандылық «Юность», өскемендік «Торпедо», елордалық «Томирис», сондай-ақ алматылық «Жұлдыз» және «Айсұлу» тартысады. Кезекті турдың кездесулері 29 наурыз бен 7 сәуір аралығында шахтерлер астанасындағы «Қарағанды-Аренада» өтеді. Үш турдың қорытындысы бойынша «Томирис» көш бастап келеді.

Матчтардың кестесімен сайтымыздың тиісті бөлімінде танысуға болады. Турнир кестесі мына жерде қолжетімді.

ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Qyzdar Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.