Томирис чемпиондыққа қарай үлкен қадам жасады

27 aqpan
735

Алматыда үшінші турдың екінші кезеңі басталды. Өз матчтарын төрт ұжым жалғастырады.

«Торпедо» «Жұлдызды» сенімді түрде жеңді. Матчта бірінші кезең шешуші болып, алматылықтардың қақпасына бес шайба аттанды. София Зубкова қарсыласты үш рет састырды. Юлия Буторина өз командасының бес (1+4) нәтижелі шабуылына қатысты.

«Торпедо» - «Жұлдыз» 9:1 (5:0, 2:1, 2:0)

«Томирис» үш күн ішінде екінші рет бірінші орын үшін басты қарсыластарын жеңіп салды. Жеңіс шайбасының авторы – дубль жасаған Ольга Широкова. Елордалық ұжымның қақпашысы Арина Щёколова қақпаға бағытталған 28 соққыға тойтарыс берді. Осы жеңісінің арқасында Александр Тебеньковтің ойыншылары «Айсұлудан» сегіз ұпайға алшақ кетті, бұл алшақтық чемпиондықтан үміттенуге молынан мүмкіндік береді.

«Томирис» - «Айсұлу» 4:3 (0:0, 1:1, 3:2)

ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Qyzdar Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.