Алматыда хоккейден Қазақстан қыздар чемпионатының кезекті кездесулері өтті.
«Жұлдыз» ұжымы биылғы маусымда үшінші жеңіске жетті. Алматылық қыздар қарағандылық «Юность» командасындағы қарсыластарын сенімді түрде жеңіп кетті. София Раковская хет-трик жасады.
«Жұлдыз» - «Юность-Грация» 7:0 (2:0, 2:0, 3:0)
Турдың негізгі текетіресінде «Томирис» «Айсұлуға» қарсы ойында жеңіске жетті. Ұзақ уақыт бойы ойынның шартты алаң иелері есепте алға кетті, алайда әрі қарай елордалық қыздар үлкен серпіліс жасап, таразыны өз жағына бұрды. Шешуші шайбаның авторы – Нина Баранова. Екі дөп соққы Надежда Филимонованың есебінде.
«Айсұлу» - «Томирис» 3:4 (2:0, 0:1, 1:3)
ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Qyzdar Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.